23-нен 24 тамызға қараған түні шамамен сағ.00.50-де "Шалқар –Ырғыз" автожолының 91 шақырымында "Toyota Estima" автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кеткен.
Жол көлік оқиғасы нәтижесінде алған жарақаттардан үш адам қайтыс болды. Сонымен қатар, төрт адам Шалқар қаласының орталық ауруханасына жатқызылды.
Облыс полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардан сақ болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!