Ақтөбе облысының тұрғындары «Ауыл аманатына» биыл бөлінген қаржыны игерді Президент тапсырмасымен жүзеге асырылған «Ауыл аманаты» бірегей жобасы аясында Ақтөбе облысында 2700-ден астам кәсіпкер қолдау тауып, өз кәсібін ашты. Екі жыл ішінде өңірге жалпы сомасы 15 млрд теңгеден аса үш транш бөлінсе, бүгінде барлық сома толығымен игерілді. Атап айтқанда, мал шаруашылығы саласында 5,4 млрд. теңгеге 758 жоба іске асырылып, 22 417 бас мал сатып алынды. Тағы құс шаруашылығы бағыты бойынша 598 жоба - 2,4 млрд. теңгеге, өсімдік шаруашылығындағы 233 жоба - 1,2 млрд. теңгеге жүзеге асырылды.