Облыс әкімі Асхат Шахаров «Ақтөбе ЖЭО» АҚ барып, мұндағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты  Бүгінде «Ақтөбе ЖЭО» акционерлік қоғамында 11 бу қазандығы, 6 турбоагрегат және 5 ыстық су қазандығы бар. Биылғы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жабдықтардың тозу көрсеткіші 41,78 пайыз. Компания басшысы Бақтияр Ізбасаров 2028 жылға қарай жөндеу жұмыстарының арқасында бұл көрсеткіш 36,2 пайызға дейін төмендейтінін жеткізді. Қазіргі таңда жылу энергиясының негізгі тұтынушылары — облыстағы 11 кәсіпорын.

Категория: 

Кәсіпкерлердің мәселелері тыңдалды   ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов «Ақтөбе» индустриялық аймағының резиденттерімен кездесіп, бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорында болды. Жиналғандар жаңа инвестициялық платформаның жұмысын талқылады. Бірыңғай базада облыс әкімдері мен жауапты кураторлардың деректері мен байланыснөмірлері қамтылған. Жобаларға қатысты проблемалардың бар-жоғын көруге болады. Яғни, бәрі – Инвестициялар комитетінің бақылауында.

Категория: 

Асхат Шахаров құрылыс компаниялары облыс орталығының көшелерін ластайтынына назар аударды. Әкім қала бойынша құрылыс алаңдарынан балшық таситын құрылыс мекемелерінің көліктеріне әлеуметтік желілерде көптеген шағым түсіп жатқанын атап өтті. Оксана Сопрун басқарма инспекторлары мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп жүк көліктерінің дөңгелектерін жуу және тазалау пункттері жоқ құрылыс объектілерін анықтау бойынша рейдтер жүргізіп жатқанын айтты. Абаттандыру ережелері бұзылған жағдайда мердігер ұйымдарға айыппұл салынуда.

Категория: 

Құрылысы ұзаққа созылған 12 нысанның төртеуі биыл пайдалануға берілді  Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппараттық жиын барысында өңірдегі проблемалық құрылыс объектілерінің жағдайы қаралды. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Оксана Сопрун мемлекеттік органның 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің нәтижелері туралы айтып берді.  Жыл басынан бері мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жоспардан тыс 18 тексеру жүргізіп, 11 нұсқама берген.

Категория: 

Өзекті мәселелер қаралды  Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Оған басқарма басшылары, квазисектор өкілдері қатысты, аудан әкімдері бейнеконференц байланыс арқылы қосылды. Жиында бірқатар мәселе қаралды. Атап айтқанда, автожол саласын, олимпиадалық спорт түрлерін дамыту және ақтөбелік спортшылардың Олимпиада ойындарына қатысуы қаралды.    Сондай-ақ, мемлекеттік құрылыс-сәулет бақылау басқармасының 2024 жылдың жартыжылындағы қызметі, өрт қауіпсіздігі, шегірткеге қарсы күрес бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар да назардан тыс қалмады.

Категория: 
�����