Өзекті мәселелер қаралды Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Оған басқарма басшылары, квазисектор өкілдері қатысты, аудан әкімдері бейнеконференц байланыс арқылы қосылды. Жиында бірқатар мәселе қаралды. Атап айтқанда, автожол саласын, олимпиадалық спорт түрлерін дамыту және ақтөбелік спортшылардың Олимпиада ойындарына қатысуы қаралды. Сондай-ақ, мемлекеттік құрылыс-сәулет бақылау басқармасының 2024 жылдың жартыжылындағы қызметі, өрт қауіпсіздігі, шегірткеге қарсы күрес бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар да назардан тыс қалмады.