Дөң тау-кен байыту комбинатының «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 10 жыл 2 кезеңі» шахтасы қалыпты режімде жұмыс істеп тұр. Кеніште шахтаның екінші кезегінің құрылысы жүріп жатыр. Жобаның құны – 877,6 млрд. теңге, ERG қаражаты есебінен жүргізілуде. Нысан іске қосылған кезде 2961 адам жұмысқа орналасады. Сонымен қатар, кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 6 мың тоннаға дейін артады. Жұмыстар 2025 жылы аяқталмақ. Өндірілген кеннің көп бөлігі Ақсу мен Ақтөбедегі ферроқорытпа зауыттарына жеткізіледі.    Облыс әкімі Дөң тау-кен байыту комбинатының шламды қайта өңдеу зауытына да барды.

Категория: 

Хромтау ауданында Индустриялық аймақ құрылады    Айта кетейік, Хромтау моноқаласында Индустриялық аймақ ҚР Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша құрылуда. Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тілеумұратовтың сөзінше, Индустриялық аймақты құру үшін ауданның өнеркәсіптік аймағының аумағында 150 га жер бөлінген. Жақын маңда «Дөң-Бадамша» тас жолы бар. Мұнда «Өркен» өңірлік бағдарламасы аясында қолдау тапқан өндірістік нысандарды орналастыру жоспарлануда. Сонымен қатар, аудандағы өнімі тұрақты сұранысқа ие үш ірі кәсіпорын да осы аумақта орналастырылмақ.

Категория: 

Хромтау қаласында жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр  «Қазхром» АҚ, Дөң кен-байыту комбинатының «Энергоцехі» Хромтауды жылумен қамтып отыр. Жылу трассасының жалпы ұзындығы 45,6 шақырым, олардың тозуы 55%-дан асады. Биыл 6,6 шақырым жылу желісіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. Кәсіпорын жылу желілерін жаңғыртуға 398 мың теңгеден астам қаражат бөлді. Жылу трассасы мен қазандық жабдықтарын күрделі жөндеу жыл сайын жүргізіледі. Сонымен қатар, кәріз-сорғы стансасында жабдықтар жөнделуде. Осы мақсатта 61,8 млн. теңге қарастырылған.

Категория: 

Ураган "Берилл" принес масштабные разрушения на значительной части острова Карриаку (входит в состав архипелага Гренадины), расположенного в юго-восточной части Карибского моря.

В Сети появилось видео с удручающей картиной: десятки разрушенных домов, слившихся с травой и грязью.

Категория: 

За первое полугодие текущего года сотрудниками департамента полиции на транспорте МВД РК и его территориальными подразделениями за различные административные правонарушения к административной ответственности привлечено 45 567 правонарушителей.

Категория: 

Жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер арасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік тәртібін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 03-10 шілде аралығында Ақтөбе облысы аумағында “Тасымалдаушы” жедел-профилактикалық іс- шарасы өткізіледі.
Іс-шараның басты мақсаты жүргізушілер мен автобустарды рейс алдындағы медициналық және техникалық қарап-тексеру, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауы, қоғамдық көлікті, оның ішінде такси автомобильдерін заңсыз қайта жабдықтау мәніне тексеру.

Категория: 

МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАМА
Ақтөбе облысының аумағында құжатсыз және азаматтығы белгісіз адамдарды анықтауға бағытталған кең ауқымды науқан аясында Ақтөбе облысы полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлері ағымдағы жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, Ақтөбе қаласы Сәңкібай батыр даңғылы 143А мекенжайы бойынша әр сейсенбіде сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін құқықтық көмек көрсету үшін жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген азаматтарды қабылдау жүргізеді.

Категория: 

Ақтөбе облысында азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жаңа жоба іске қосылады     Астана қаласында жүзеге асып жатқан «Jol Tap» жобасы іспетті жұмыспен қамту жобасы еліміздің бірнеше өңірінде қолға алынды. Оның аясында мемлекеттік қолдау шаралары бойынша консультациялар жүргізіледі, сондай-ақ тегін қысқа мерзімді оқыту курстары ұсынылады және жұмыссыздар немесе уақытша жұмыспен қамтылған азаматтар жұмысқа орналастырылады. Жобаның негізгі ерекшелігі – мамандар азаматтардың келуін күтпей, керісінше, сауда орталықтары секілді адам көп жүретін жерлерге шығып, кеңес береді.

Категория: 

 

«Бұқара-Орал» газ құбырының құрылысы қарқынды    Ақтөбе облысында «Бұқара-Орал» магистральді газ құбыры үшінші желісінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Хромтау ауданы аумағындағы жұмыстар былтыр шілде айында басталған-ды. Оны 2025 жылы аяқтау жоспарлануда.  «Отау-Строй» ЖШС өкілі өңір басшысын атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. 200-ден астам адам құрылысқа тартылған.    Газ құбырының ұзындығы 165 шақырымдықұрайды, жылдық қуаты — 2,4 млрд текше метр. Жалпы құны 43 млрд теңгені құрайды.  

Категория: 

«Самара-Шымкент» тас жолын қайта жаңғырту жұмыстары басталды    Жаңа автомобиль жолын салу жұмыстары Ақжар және Жазық (Просторное) ауылдары аумағында басталды. Құрылысшылар «Самара-Шымкент» тасжолының 791-819 шақырым аралығын салады.    Хромтау ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Асхат Шахаров «Қазавтожол» мекемесінің Ақтөбедегі өкілдері және «Сине Мидас Строй» ЖШС мердігер ұйымымен кездесіп, жұмыс барысын көрді.    Қысқы мерзімді қоспағанда, 34 айдың ішінде халықаралық маңызы бар 28 шақырым жол қайта жаңғыртылады.

Категория: 
�����