Құрылысшылардың біркүндік жұмысы Назарларыңызға, Әйтеке би ауданының орталығында су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін тұрғын үйлер салып жатқан құрылысшылардың біркүндік жұмысын ұсынамыз. Сондай-ақ, олардың жұмысын онлайн бақылауға болады, әрбір құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан орындарда бейнебақылау камералары орнатылған. Айтып өтейік, ауданда тасқын судан жапа шеккен 150-ге жуық тұрғыннан арыз түсіп, комиссияның техникалық бақылауы нәтижесінде, 51 үй тұруға жарамсыз деп танылды.