Новости

Тасқын: Ақтөбе облысындағы Екпетал ауылының 27 шаңырағы баспаналы болды  Ақтөбе облысында тасқын кезінде жаппай көшірілген Құйылыс ауылының тұрғындары екі ай дегенде үйіне оралды. Олар сәуірден бері Ырғыз ауданы орталығындағы эвакуация бөлімшесін паналап келген еді. Асқар Уәли, Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары:  — Құйылыс ауылындағы жағдай бірқалыпты болып, су деңгейі тұрақты түрде түсе басталуына байланысты осы маусым айының бірінен бастап Құйылыс ауылының тұрғындары толығымен ауылына қайтарылды. Қазір жағдай тұрақты, ауылмен көлік қатынасы бар.

Категория: 

Ақтөбедегі сал ауруына шалдыққан азаматтар одағына Халық банкі инватакси сыйлады  «Қазақстан Халық банкі» Ақтөбе өңірлік филиалының 100 жылдығын атап өту және «Қалаға сый» жобасы аясында банк «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтар одағы» қоғамдық бірлестігіне инватакси сыйлады.  Арнайы көліктің кілттерін тапсыруға облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов қатысып, өңірдегі әлеуметтік мәселелерді шешуде үлес қосып жүрген ұйымға өз алғысын білдірді.

Категория: 

Жительница Актобе лишилась порядка 2 млн тенге после звонка мошенников. Они убедили ее в том, что нужно продлить срок действия SIM-карты. В пресс-службе Департамента полиции Актюбинской области рассказали, что телефонные мошенники стали выдавать себя за сотрудников сотового оператора. Аферисты предлагают продлить обслуживание SIM-карты и просят продиктовать код из SMS. Мошенники звонят потенциальным жертвам, представляясь сотрудниками компании. Они утверждают, что срок действия телефонного номера истекает, и предлагают продлить обслуживание.

Категория: 

В Актобе дольщики два года не могли получить ключи, и в итоге их заселили в дом без условий. В компании заявили, что во всем виноваты бывшие руководител. Несколько десятков семей из Актобе должны были отмечать новоселье ее три года назад. Но сначала компания-застройщик под разными предлогами переносила сроки сдачи жилья в эксплуатацию, а когда людям все же дали заселиться, выяснилось, что половина работ еще не сделана. "До сих пор дом не сдан. Ключи выдали для ремонта только месяц тому назад. Очень много еще нужно сделать. Газ не провели, подъездные работы, подвал и так далее.

Категория: 

Ақтөбе қаласында жарықтандыру жұмыстары және ескірген, жарық беруі әлсіз немесе сынған көше шамдарын ауыстыру жүргізілуде. Қала көшелерінде, елді мекендерде, трассалардың бойында, скверлер мен саябақтардағы сынған жарық шамдарды, бағандарды ауыстыру, жөндеу жұмыстарының атқарылу барысын өңір басшысы Асхат Шахаров пен қала әкімі Азамат Бекет аралап қарап шықты.

Категория: 

Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккендерге 487 үй салынып жатыр Ақтөбе облысының алты ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 487 үй салынып жатыр. Алдағы уақытта тағы 100-ден астам баспана бой көтереді. Құрылыс жұмыстары екі айдың ішінде толық аяқталуға тиіс. Ал тасқынның зардабын жоюға тартылған ірі компаниялар мен қорлардың есебінен 111 адамға дайын үй сатып алынды. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш өседі. Екінші деңгейдегі нарықтан да баспана қарап жүрген тұрғындар бар. Ең бастысы – жылжымайтын мүлік сол ауданның аумағында болуға тиіс.

Категория: 

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасының мүмкіндіктері зор Президентіміз өз Жолдауында «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі» екенін атап өтті. Қазіргі таңда елімізде жастарға арналған бағдарламалар өте көп. Солардың бірі – ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға арналған «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы. Бағдарламаның келесідей мүмкіндіктері бар:   Біріншіден, тұрғын үй сатып алу үшін аудан орталығында 9 млн.теңге, ал басқа ауылдық округтерде 7 млн.теңге көлемінде жеңілдетілген бюджеттік несие беріледі.

Категория: 

«Aktobe Open 2024» турнирінде ирандық атақты гроссмейстер жеңіске жетті  Ақтөбеде «Владимир Дворковичтің мемориалы – Aktobe Open 2024» халықаралық шахмат турнирі ирандық Пархам Магсудлудың сенімді жеңісімен аяқталды. Турнирде 21 елден 100-ден астам атақты шахматшы бақ сынады.  Классикалық шахматтан ерлер мен әйелдер арасындағы 2024 жылғы Республикалық кубогының І кезеңін ҚР Туризм және спорт министрлігі, ФИДЕ және Ақтөбе облысы әкімдігі, Қазақстан теннис федерациясының қолдауымен Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырды.

Категория: 

14 көше жөнделіп, 17 көшеге жарық шамдары орнатылды  Темір ауданының Кеңқияқ ауылында халықтың тұрмысын жақсартатын ауқымды жұмыс атқарылуда.  Бір жылдың ішінде елді мекендегі 14 көшеге асфальт жабындысы төселген. Бүгінгі күні Құрманғазы, Смағұлов, Балуанов, Алтынсарин, Қазақ мұнайына 100 жыл, А.Құнанбаев, Қ.Балуанов, Сәңкібай ата, Мұнайшылар, Ә.Молдағұлова, Н.Байғанин, Қ.Сағырбайұлы, Парк, Корпус көшелері жаңа кейіпке енді. «DEN-Group» ЖШС салып жатқан жолдар 13 шақырымға жуықтайды. Мердігер компания алдағы уақытта тағы 4 көшеге жол төсейді.

Категория: 
�����