Су тасқыны: ақтөбеліктерге көрсетілетін көмек түрлері белгілі болды ➤ Бірінші - жылжымайтын мүлікке, тұрмыстық техника мен жиһазға келтірілген залалды өтеу бойынша берілетін өтемақы. Бұл өтемақының түрін төтенше жағдай жарияланған аумақтардың (Әйтеке би, Қобда, Мұғалжар, Ойыл, Темір аудандары мен Ақтөбе қаласының) тұрғындары ала алады. Ол үшін тұрғындар 30 күнтізбелік күн ішінде материалдық шығынды өтеу туралы өтінішке жеке куәліктің көшірмесі, жоғалған немесе бүлінген мүліктің тізбесін қоса отырыр, аудан әкімдіктеріне тапсырады.